Парламент сенатының кулуарында қорғаныс министрі Даурен Қосанов Польшада ұсталған қазақстандық «тыңшы» жөнінде журналист сұрағына жауап беруден бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
«Біздің органдар іс-шаралар жүргізіп жатыр. Оның барлық құқықтары сақталуда. Бұдан артық ақпарат бере алмаймын. Тексеру жүріп жатыр», – деді Қосанов.
Бұған дейін Польшада қазақстандық әскери атташенің тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталғаны туралы хабар тараған. Мәліметтерге қарағанда, күдікті 15 наурыздан бері Быдгощ пен Варшавада барлау қызметімен айналысқан. Kaztag және Orda.kz ресурстарының нұсқасы бойынша, дипломат Кремль тапсырмасымен әрекет етіп, Польшадағы НАТО нысандары жөнінде ақпарат жинаған болуы мүмкін.
Сондай-ақ БАҚ Бегімбайдың әскери атташенің көмекшісі болғанын, ал атташенің өзі оның туған ағасы екендігін жазған. Басқа нұсқаға сәйкес, Бегімбайдың Украинада дипломатиялық иммунитеті болған. Оны Польшада үш айға қамауға алған.