×
518.66
597.44
6.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.66
597.44
6.56

Вьетнамдағы апат: қазақстандық туристерге қауіп төніп тұр ма

Бүгін, 22:40
Вьетнамдағы апат: қазақстандық туристерге қауіп төніп тұр ма
Ашық дереккөзден

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Вьетнамдағы су тасқыны мен көшкіндерге байланысты соңғы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТУРИСТЕРГЕ ҚАУІП ЖОҚ

Сыртқы істер минстрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Вьетнамда қазір бірнеше мың қазақстандық турист демалып жүр. Ол ешбір туристен көмек сұраған өтініш түспегенін – не елшілікке, не жергілікті дипломаттарға хабарлама болмағанын атап өтті. Смадияров мұндай ауа райы осы маусымға тән екенін, сондықтан туристерге сақтық шараларын сақтап, жергілікті билік нұсқауларын орындау маңызды екенін ескертті.

ОРТАЛЫҚ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚИЫН ЖАҒДАЙ

Вьетнамның орталық өңірлері нөсер жауын салдарынан ауыр зардап шегіп жатыр. Құрбандар бар, жүздеген үй су астында қалды, көптеген тұрғындар эвакуацияланды. Ең көп зардап шеккен аймақтар – Хойаннан Нячангқа дейінгі танымал туристік орындар.

ХОЙАНДАҒЫ ТАРИХИ КӨШЕЛЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫ

Хойанда су қайтқаннан кейін тарихи көшелер қалың лаймен жабылып қалған. Бұл көрініс табиғи апаттың ауқымын айқын көрсетіп отыр.

Серіктес жаңалықтары