×
519.98
600.06
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.98
600.06
6.6

ҰҚШҰ бас хатшысы болып Қырғызстан өкілі тағайындалмақ

Бүгін, 13:43
ҰҚШҰ бас хатшысы болып Қырғызстан өкілі тағайындалмақ
Фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

Келесі жылдан бастап ҰҚШҰ-ның бас хатшысы қызметіне Қырғызстан өкілі Таалатбек Масадықов тағайындалады. Ол қазір бас хатшының орынбасары қызметін атқарады,  деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Таалатбек Масадықов ҰҚШҰ бас хатшы қызметін қазір атқарып отырған Қазақстан өкілі Иманғали Тасмағамбетовті алмастырмақ. Бұл жөнінде Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковқа сүйенген ТАСС  ақпарат агенттігі жазды.

Талатбек Масадықов 2024 жылдың қаңтарынан бері ҰҚШҰ бас хатшысының орынбасары болған. 2022 жыл Қырғызстан президентінің арнайы уәкілі болып тағайындалған. 2017 жылы Қырғызстан президенттігінен үміткер болған. Дипломат, халықаралық қатынаста сарапшы БҰҰ-да шамамен 12 жыл істеген деп айтылады.

Ушаковтың сөзінше, ҰҚШҰ бас хатшысын ауыстыру мәселесі тараптармен келісілген. 27 қарашада Бішкекте өтетін саммитте Тасмағамбетов аймақ қауіпсіздігі жөнінде баяндама жасайды. Осыдан кейін кейін оған ҰҚШҰ-ның бірінші дәрежесіндегі құрмет белгісі тапсырылады.

Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ бас хатшысы қызметін 2023 жылдың қаңтарынан бері атқарып келеді. Оның өкілеттік мерзімі биыл 31 желтоқсанда аяқталады.

68 жастағы Иманғали Тасмағамбетов әр жылдары Қазақстан премьер-министрі, қорғаныс министрі, Алматы мен Астана қаласының әкімі қызметтерін атқарған. 2017 жылдың ақпанынан 2019 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі болған. Кейін оның зейнетке шыққаны хабарланған.

ҰҚШҰ-ға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан кіреді. Армения былтыр ұйымға мүшелігін уақытша тоқтатқан. Бірақ ел ресми түрде ұйымнан шықпаған.

 

Серіктес жаңалықтары