Белсенді Абзал Достияр Марал Райымбекұлын сынап жазба жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Абзал Достиярдың бұл жолы нысанасына ақын Маралтай Райымбекұлы іліккен.
“Мына Маралтай деген ақынның жағымпаздықтан басқа бітірген түгі жоқ екенін білесіздер ғой ия?
Мәңгілік ел – бүкіл халық тілегі.
Мәңгілік ел Нұр ағамның тілегі,
Нұр ағамды бүкіл әлем біледі.
Қазақ елі бейбітшілік тірегі,
Нұр ағамның нұр жолымен жүреді.
Осы өлең жолдарының авторы, өткен аптада мен сынап жазған Жазушылар Одағының мүшесі, пропаганданың көкесін көрсеткен жалпақшешейдің өлеңдерін мектеп оқушыларының санасына сіңірмек.”- дейді Достияр.
Абзал Достиярдың бұлай жазба жариялауына мектеп оқушыларына Маралтай Райымбекұлының өлеңдерін оқудан жарыс өтетіні себеп болған.
“Марат Тоқашбаев деген адам осы Маралтайды шыншыл ақын деп жазыпты маған берген жауабында. Кеңес Үкіметінің тұсында коммунизмді жырлаған ақындар дәріптелгеніне несіне таңқаламыз? 21-ші ғасырдағы Қазақстанның түрі осы енді”- деп жазды белсенді.
БҰҒАН ДЕЙІН
Белсенді Абзал Достияр Facebook парақшасында қазіргі қазақ қаламгерлерінің қоғам алдындағы жауапкершілігіне қатысты өткір пікір жариялады. Ол журналист Мирболат Мырзатайұлының қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткені үшін төрт жылға сотталуы — зиялы қауымның үнсіз қалуын әшкерелейтін жағдай екенін айтты.
Абзал Достияр елдегі саяси тұтқындар санының артқанын атап өтіп, журналист Мирболат Мырзатайұлына қатысты сот шешімінің әділетсіз екенін айтады. Автор «сүмелек» сөзінің мағынасына тоқталып, оны бүгінгі ақын-жазушыларға қолдануға толық негіз бар жазды.