Қазақстан Парламенті үш жылдық мемлекеттік бюджетті түпкілікті бекітті. Бұл – елдің басты қаржылық құжаты, онда 2026 жылдан 2028 жылға дейінгі кірістер мен шығыстар нақты көрсетілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бір апта бұрын Сенат Мәжіліс қабылдаған үш жылдық бюджет туралы заңды қарап, кейбір баптарын мақұлдамаған еді. Құжатты қайта қарауға жіберіп, 76 түзету енгізуді ұсынды. Бұл түзетулер негізінен қаржы көлемін нақтылауға – ведомстволардың қаржыландыруын арттыру немесе азайтуға, сондай-ақ жекелеген бағдарламалардың шығыстарын қайта бөлуге қатысты болды.
Мысалы, депутаттар жылу жүйелерін дамытуға бастапқыда 2026 жылға жоспарланған 9 миллиард теңгенің орнына 37 миллиард теңге бөлуді ұсынды. Ал су ресурстарына 2 миллиард теңгенің орнына 8 миллиард теңге қарастыруды талап етті. Бүгін Мәжіліс депутаттары осы өзгерістермен келісіп, заңды Президенттің қол қоюына жіберді.
КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАР
Құжатта мемлекет жыл сайын шығындарын арттыратыны көрсетілген – шамамен жылына қосымша 1 триллион теңге.
Шығыстар көлемі:
Ал кірістер шығыстан аз болады. Елдің кірісі (трансферттерді есептемегенде):
Яғни жыл сайын шығыстар кірістерден бірнеше триллион теңгеге артық болады. Бұл айырмашылық трансферттер мен басқа да көздер арқылы жабылады.
ЕСКЕ САЛАЙЫҚ
Ұлттық қордан бюджетке бөлінетін кепілдендірілген трансферт көлемі 2026–2028 жылдары жыл сайын 2,7 триллион теңгені құрайды.