×
518.4
598.13
6.55
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.4
598.13
6.55

АҚШ-пен кейбір әңгіме WhatsApp арқылы - Ушаков

Бүгін, 20:10
АҚШ-пен кейбір әңгіме WhatsApp арқылы - Ушаков
Ашық дереккөзден

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков АҚШ-тың арнайы өкілі Стивен Уиткоффпен болған телефон әңгімесінің жария болып кетуін түсіндіріп, кейде Мәскеу мен Вашингтон арасындағы сөйлесулер WhatsApp мессенджері арқылы жүретінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оның сөзінше, жабық байланыс желісі арқылы сөйлескенде ақпараттың сыртқа шығуы мүмкін емес, тек бір тарап әдейі жіберсе ғана болады. Ал WhatsApp арқылы кейбір әңгімелерді біреулердің тыңдап қоюы ықтимал.

«Бұл жағдайда әңгімеге қатысушылардың өзінен мұндай ақпараттың тарауы екіталай», – деді Ушаков.

МЕССЕНДЖЕР ҚОҢЫРАУЛАРЫ БҰҒАТТАЛАДЫ

Тамыз айының ортасынан бастап Ресейде WhatsApp пен Telegram мессенджерлері арқылы қоңырау шалу бұғатталған. Қазір ол үшін тек виртуалды жеке желі (VPN) қосу қажет. Бұл технология интернеттегі деректерді шифрлап, қолданушының жеке ақпаратын ұстап қалудан және сыртқа шығудан қорғайды.

Роскомнадзордың мәлімдеуінше, бұғаттау шешімі алаяқтармен күресу үшін қабылданған. Олар шетелдік мессенджерлер арқылы ресейліктерге хабарласып, алдап ақша талап етеді немесе «диверсиялық және террористік әрекеттерге» тартуы мүмкін. Ал тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, билік халықты WhatsApp пен Telegram-нан бас тартып, «ұлттық мессенджер» Max-қа көшуге мәжбүрлеуді көздеп отыр.

МАЙКЛ ФЛИН КЕЙСІ

Ушаковтың айтуынша, Уиткофф ақпараттың тарауына мүдделі болмаған.

«Майкл Флинннің жағдайын еске алыңыздаршы. Мұнда да сондай болуы мүмкін», – деді ол.

Дегенмен, АҚШ әкімшілігіндегі адамдарды тікелей айыптаған жоқ.

Майкл Флинн – АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі. Ол 2017 жылдың желтоқсанында ресейлік елші Сергей Кислякпен санкциялар туралы сөйлескенін мойындады. Бұл үшін құзыреті болмағанына қарамастан, кейін АҚШ Федералдық тергеу бюросына жалған мәлімет берген.

2017 жылдың ақпанында Флинн отставкаға кетті. Ресей ісін тергеген арнайы прокурор Роберт Мюллер Флиннді түрмеге қамауды сұрамады, себебі ол тергеуге «елеулі қолдау» көрсеткен. 2020 жылдың қарашасында Дональд Трамп Флиннді толық кешіргенін жариялады.

УШАКОВ ПЕН УИТКОФФ ӘҢГІМЕСІ

Bloomberg агенттігі 25 қарашада олардың 14 қазандағы бес минуттық телефон әңгімесінің мәтінін жариялады. Онда АҚШ президентінің арнайы өкілі Ушаковқа Дональд Трамптың бейбіт жоспарын Владимир Путинге қалай жеткізуге болатынын айтып, Украина президенті Владимир Зеленский Вашингтонға келмей тұрып, Путиннің Ақ үйге хабарласуын ұсынған.

Серіктес жаңалықтары