×
516.86
598.68
6.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.86
598.68
6.58

Украина президенті кеңсесінің басшысы Ермактың үйінде тінту жүргізілді

Бүгін, 15:28
Украина президенті кеңсесінің басшысы Ермактың үйінде тінту жүргізілді
Андрей Ермак (Фото: Global Look Press )

Украинаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы (НАБУ) мен жемқорлыққа қарсы арнайы прокуратурасы президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермактың үйі мен жұмыс кеңсесінде тінту жүргізді. Ермактың айтуынша, тергеушілердің жұмысына ешқандай кедергі жасалмаған, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

28 қарашада Украинаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы (НАБУ) мен жемқорлыққа қарсы арнайы прокуратурасы (САП) Telegram-арналарында:

«Тергеу әрекеттері санкцияланып, тергеу аясында жүргізілуде. Толық мәлімет кейін беріледі», — деп хабарлады.

Бұл ақпаратты Андрей Ермактың өзі де растады.


«Бүгін НАБУ мен САП шынымен де менің үйімде процессуалдық әрекеттер жүргізіп жатыр. Тергеушілерге ешқандай кедергі жасалып жатқан жоқ. Оларға пәтерге толық қолжетімділік берілді, орынбасарым да, адвокаттарым да құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесіп жатыр. Мен өз тарапымнан толық қолдау көрсетудемін», — деді ол.

Контекст

Украинаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы (НАБУ) мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы прокуратурасы 10 қарашада «Энергоатом» компаниясында ірі сыбайлас жемқорлық схемасын анықтағанын хабарлаған. Жемқорлық дауына бірнеше министр, сондай-ақ президентЗеленскийдің ұзақ жылдан бері серіктесі болған Тимур Миндич пен қаржыгер Александр Цукерман іліккен. Құқық қорғау органдары Миндичтің үйінде, «Энергоатом» компаниясында, сондай-ақ Украина әділет министрі Герман Галущенконың үйінде тінту жүргізген. Миндич осы оқиғалардан сәл ертерек елден кеткен.

12 қарашада президент Зеленский Галущенконы және энергетика министрі Светлана Гринчукты қызметінен босатуды талап етті екен. 19 қарашада Жоғарғы Рада екі министрдің де отставкасын мақұлдады. Миндич пен Цукерманға Зеленскийдің өкімі бойынша санкция салынған.

Осы даудан кейін президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак төңірегінде де дау көбейген. Оны қызметінен босату туралы да талаптар айтылған Бірақ Зеленский Ермакты қызметінен босатудан бас тартқан.

Серіктес жаңалықтары