×
516.86
598.68
6.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.86
598.68
6.58

Жүкті әйелдер дәрі таппай қиналып жатыр

Бүгін, 20:40
Жүкті әйелдер дәрі таппай қиналып жатыр
Ашық дереккөзден

Ақтаудағы тромбофилия диагнозы қойылған жүкті әйелдер қажетті дәрілерді тегін берілетін тізімнен алып тастағанын айтып, соның салдарынан ем қабылдау мүмкін болмай қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ақтауда тұратын Әйгерім есімді жүкті әйелге «тромбофилия» диагнозы қойылған. Бұл ауру кезінде қан ұйығы пайда болып, жүктілікке қауіп төнуі мүмкін. Дәрігерлер мұндай жағдайда күн сайын «Клексан» немесе оның баламасы «Фраксипарин» қабылдауды міндеттейді. Бұрын бұл дәрілер тегін берілетін, қазір поликлиникада тоқтатылып, әйелдерді дәріханаларға бағыттаған.

Әйгерімнің айтуынша, дәрі қымбат – айына үш қорап қажет, орташа есеппен 60 мың теңгеден асады. «Бұл дәрі бізге ауадай қажет. Күнделікті уколсыз жүктілікке қауіп бар. Жарты жалақымды осыған жұмсауға мәжбүрмін. Ал жағдайы төмен әйелдер не істейді?» – дейді ол Lada.kz ақпараттық агенттігіне. 

Маңғыстау облыстық мәслихатының шешімімен «Клексан» мен «Фраксипарин» тегін дәрілер тізімінен алынып тасталған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мұны Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық хаттамасына сүйеніп түсіндірді: амбулаторлық деңгейде мұндай ем қарастырылмаған.

Журналист дәріханаларды аралап көргенде, препарат барлық жерде жоқ екені анықталды. Бар болған жағдайда бағасы 21–26 мың теңге аралығында (қорапта 10 дана, дозасы 0,3–0,4 мл).

АНЫҚТАМА

«Фраксипарин» жүкті әйелдерге тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алу үшін тағайындалады. Ол қан ұйығының пайда болуына жол бермейді.

Серіктес жаңалықтары