Ауыл шаруашылығы министрлігі 2025 жылдың қыркүйегінен 27 қарашасына дейін елімізден 3,1 млн тонна астық экспортталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Салыстырмалы түрде алғанда, өткен жылдың дәл осы кезеңінде экспорт көлемі 2,7 млн тоннаны құраған. Қазақстан астығын көрші мемлекеттерге жеткізу көлемі айтарлықтай артқаны байқалады: Өзбекстанға — 32,8%-ға (1 066 мың тоннадан 1 416 мың тоннаға дейін), Қырғызстанға — екі есеге (44 мың тоннадан 90 мың тоннаға дейін), Ауғанстанға — 28,8%-ға (139 мың тоннадан 179 мың тоннаға дейін) ұлғайған.
КОНТЕКСТ
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан үкіметі астық экспортын қолдауға қосымша 7 млрд теңге бөледі деген ақпарат тараған болатын.