×
508.2
589.82
6.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.2
589.82
6.54

Шекарадағы Қытай жұмысшыларына шабуыл: Тәжікстан Ресей және ҰҚШҰ-мен келіссөз жүргізіп жатыр

Бүгін, 16:19
Шекарадағы Қытай жұмысшыларына шабуыл: Тәжікстан Ресей және ҰҚШҰ-мен келіссөз жүргізіп жатыр
Фото: Нозим Каландаров/Asia-Plus

Тәжік-ауған шекарасын Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер бірігіп күзетуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Reuters ақпарат агенттігінің жазуынша, Тәжікстан билігі Ресей және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Онда Ауғанстанмен арадағы шекараны бірігіп күзету мәселесі талқылануда.  

Басылымның Тәжкістан күштік құрылымдарындағы дереккөздерінің айтуынша, ҰҚШҰ күштерін тарту туралы шешім әлі қабылданбаған. Душанбе Мәскеумен тәжік-ауған шекарасын бірігіп күзету үшін 201-әскери базаны іске қосу мүмкіндігін талқылаған.

«Азаттық» радиосының тәжік қызметіне Тәжікстан сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарған.

«Жаңалық ойдан құрастырылған. Жақын арада ресми түрде жауап жібереміз. Осы жаңалықты шығара отырып, Reuters оқырмандарына тексерілмеген ақпарат беріп отыр», – деді Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің өкілі Шохин Самади.

Reuters агенттігі тәжік үкіметінің жоққа шығаруына түсініктеме бермеді. Агенттіктің жаңалығы әлі жарияланып тұр.

Контекст

Бұған дейін Тәжікстан мен Ауғанстан арасындағы шекарада Қытайдың 5 азаматы қаза болып, тағы бір адамның жараланғаны туралы айтылған. 1 желтоқсанда «Талибан» өкілдері шабуылға қатысы бар деген күдікпен екі адамды ұстағанын хабарлаған.

Кейіннен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон күштік құрылым өкілдерімен жиналыс өткізген.Онда Ауғанстанмен арадағы шекара мәселесі талқыланып, оны күшейту мәселесі айтылған.

Қытай билігі Ауғанстанмен шекарада тау-кен өндірісімен айналысып жатқан өз азаматтарын аумақтан дереу кетуге үндеген.

2000-жылдарға дейін тәжік-ауған шекарасын Ресейдің Тәжікстандағы әскери базасы күзеткен. Алайда 2005 жылдан бері күзетті Тәжікстан өзі қолға алған.

 

Серіктес жаңалықтары