×
503.89
587.54
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.89
587.54
6.48

Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағын көз емдеуге де пайдалана алмайды

Бүгін, 09:06
Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағын көз емдеуге де пайдалана алмайды
Фото: Freepik

4 желтоқсаннан бастап enpf-otbasy.kz платформасы арқылы офтальмологиялық қызметтерді біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) есебінен төлеуге өтінім қабылдау тоқтатылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Банк мәліметінше, аталған күнге дейін берілген барлық өтінімдер қабылданып, қолданыстағы тәртіпке сай қаралады.

- Офтальмологиялық қызметтер бойынша өтінім қабылдаудың тоқтатылуы Денсаулық сақтау министрлігінің біржолғы зейнетақы төлемдерін емделуге пайдалану қағидаларына енгізген өзгерістерімен байланысты. 2025 жылғы 3 желтоқсанда жарияланған бұйрыққа сәйкес, стоматологиямен қатар офтальмология да зейнетақы қаражатын пайдалануға болатын бағыттар тізімінен алынып тасталды, — деп хабарлады қаржы ұйымы.

Отбасы банкінің дерегінше, қазір «офтальмология» бағыты бойынша жалпы сомасы 13,3 млрд теңгені құрайтын 15 808 өтінім қаралып жатыр.

Оның ішінде 4,6 млрд теңгеге тең 5 мыңнан астам өтінім бойынша құжаттарды тексеру жүріп жатыр, ал 10 677 өтінім (8,7 млрд теңге) иелерінен қосымша дәлелдейтін құжаттар сұралған.

- Стоматологиялық қызметтер бойынша өтінім қабылдау тоқтағаннан кейін офтальмологияға жүгінушілер күрт көбейді. Егер 15 қыркүйекке дейін айына орта есеппен 174 өтінім мақұлданса, шектеу енгізілгеннен кейін бұл көрсеткіш айына 1 264 мақұлданған өтінімге дейін өсті — өсім 7 еседен асады, — деді банк.

Банк мамандары бірнеше күмәнді жағдайды анықтағандарын да атап өтті.

- Әртүрлі клиенттерден бір офтальмологиялық клиникамен келісімшарт жасалған өтінімдер түскен. Алайда құжаттарда клиниканың әр қалада әртүрлі мекенжайы көрсетілген. Тексеру барысында ол мекенжайларда мұндай клиника жоқ екені белгілі болды, — деп мәлімдеді ұйым.

Сонымен қатар банк өкілдері қазақстандықтар үшін зейнетақы жинағын өмірлік маңызы бар қымбат емдерге пайдалану мүмкіндігі әлі де бар екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары