KazTAG Халықаралық ақпарат агенттігінің басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев пен бас редактор Амир Қасенов Freedom Finance компаниясының арызы бойынша күдікті деп танылған. Компания миллиардер Тимур Турловқа тиесілі. Журналистердің жазуынша, арыз компания басшылығына қатысты алаяқтық схемалардан зардап шеккендердің сөздері негізінде жарияланған материалдарға байланысты берілген.
Адвокат Рена Керимова бұл шешімді заң бұзу деп бағалады.
- Матаев пен Қасеновтің күдікті ретінде танылуы белгіленген рәсімдерге қайшы. Күдікті деп тану үшін олардың жасырынуы немесе тергеуден жалтаруы қажет, ал олар тергеуден қашқан жоқ, – деді ол.
ТАҒЫ НЕ БЕЛГІЛІ
Редакция қылмыстық істің қозғалғанын тек 20 қарашада бұқаралық ақпарат арқылы білген. Ал іс 18 тамызда тіркелген. Матаев пен Касенов 9 желтоқсан күні Алматы қалалық полиция департаментіне (Масанчи көшесі, 55) шақыртылған. Матаевқа сағат 11:00-де, Касеновке 17:00-де келу қажет.
FREEDOM ІСІ
Сәуір айында «Freedom Finance» брокерлік қызметінен зардап шеккенін айтқан тұрғындар шығып, кем дегенде 30 қазақстандықтың шоттарынан шамамен 2,5 млрд теңге жоғалғанын мәлімдеген.
Қыркүйекте Астанада өткен баспасөз мәслихатында 380 мың АҚШ долларынан айырылған зейнеткер Қарлығаш Қаппарованың оқғасы айтылды. Ол қаражатын «Freedom Finance» арқылы инвестициялаған, ал сенім білдірген тұлғасы – компания қызметкері Темірлан Беков. Бековке қатысты іс кейін жабылып, тергеу мұны алаяқтық емес, сәтсіз инвестициялық келісім деп таныған.
Тағы бір эпизод Freedom Finance-тің бұрынғы атқарушы директоры Виталий Световойға қатысты. Ішкі тексеріс оның клиенттерді ақшаны компания емес, өз шотына аударуға үгіттегенін анықтаған. Ол қызметінен босатылған соң, іс полицияға жолданған, қазір Световой қамауда.
Оның әрекетінің салдары трагедияға әкелген: Петропавлда алданған салымшылардың бірі қаражатынан айырылған соң өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл суицид фактісі бойынша іс Световойға қарсы іс қозғалғаннан кейін үш күннен соң жабылған.
Осы уақытта «Freedom Bank» клиенттері «бақыт хаттары» деп аталған хабарламалар ала бастаған: онда KASE биржасындағы «ақауға байланысты» олардың операциялары өтпегені, табыстары «тәркіленетіні», ал инвестицияларының күшін жоятындығы жазылған. KASE бұл ақпаратқа қатысы жоқ екенін бірден хабарлады.
Турлов пен оның командасы бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме бермеді. Ал қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (АРРФР) тексеріс жүргізіп, Freedom Finance-ке 40-тан астам айыппұл салған. Зардап шеккендер мұны «қағаз жүзіндегі шара» деп бағалап, мәселенің шынайы ауқымы ескерілмей отыр дейді.