×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

"Соңғы 20 жылдағы ең үлкен сынақ": Ердоған Түркияда президент сайлауы өтетін күнді жариялады

23.01.2023, 08:18
фото: ашық дереккөзден

Түркияда президент сайлауы 14 мамырда өтпек. Бұл туралы мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоған мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Анадолы агенттігінің жазуынша, Түркия президенті  «Әділеттілік және даму партиясы үшін менің алғашқы дауысым, Ердоғанға менің алғашқы дауысым» атты бағдарламасына қатысып, онда Бурса жастарымен кездескен.

«Сайлауға бірінші рет қатысатын жастарды 14 мамырда өтетін сайлауда дұрыс таңдау жасауға шақырамын», - деді Р.Ердоған сол кездесуде.

Президент сайлаудың датасына қатысты шешімді ресми түрде 10 наурызда жариялау жоспарланып отырғанын жеткізді. Одан кейін заңнама бойынша сайлау 60 күн ішінде өтуі тиіс.

Айта кетейік, Батыс сарапшылары алдағы сайлау Ердоған үшін соңғы 20 жылдағы ең үлкен сынақ болады деген пікірде.

Серіктес жаңалықтары