×
514.74
599.36
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.74
599.36
6.71

Балаева Kaztag басшылығына қатысты мәлімдеме жасады

Бүгін, 13:08
Балаева Kaztag басшылығына қатысты мәлімдеме жасады
gov.kz

Премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева KazTAG ақпарат агенттігі басшыларына қатысты қылмыстық істің қозғалуына пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Балаева елімізде сөз бостандығының сақталуы мен барлық ақпарат таратып отырғандардың заң аясында жұмыс істеуі аса маңызды екенін айтады.

– Кәсіби журналистика адалдыққа, объективтілікке және тексерілген ақпараттың нақтылығына негізделуі керек. Мұндай жағдайлар әрдайым медиа қауымдастықты алаңдатады. Себебі бұл сөз бостандығы мен заңды журналистік қызмет секілді аса маңызды мәселелерге тікелей қатысты, – дейді министр. 

Аида Балаеваның сөзінше, кәсіби бұқаралық ақпарат құралдары заңды бұзбай жұмыс істеген жағдайда ғана мемлекет олардың құқығын тиімді қорғай алатынын түсінуі тиіс. Ал егер тараптар арасындағы қатынастар құқықтық алаңға ауысса, мемлекеттік органның араласуы сотқа қысым ретінде қабылдануы мүмкін.

- Қалай болғанда да, біз кәсіби журналистерге қатысты әкімшілік немесе қылмыстық істердің барынша ашық әрі объективті қаралуы қажет екенін әрдайым талап етіп келеміз. Журналистерімізге қатысты істерді тиісті органдар заң талаптарын сақтай отырып, жан-жақты әрі әділ қарайтынына сенімдімін. Министрлік өз құзыреті шегінде журналистердің құқықығын қамтамасыз етуге және сот істерінің әділ қаралуы үшін қажетті барлық шараларды қабылдауға дайын, – дейді ведомство басшысы. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін KazTAG редакциясы басшылығына қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған еді

9 желтоқсанда Әсет Матаев адвокаты Рена Керімовамен бірге Алматы полиция департаментіне шақырылды. Матаевтың өзі Ulysmedia тілшісіне әзірге пікір бере алмайтынын айтты.

Серіктес жаңалықтары