×
514.74
599.36
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.74
599.36
6.71

Трамп Украинадағы бейбіт келіссөздерден шығып кетуі мүмкін

Бүгін, 21:10
Трамп Украинадағы бейбіт келіссөздерден шығып кетуі мүмкін
Ашық дереккөзден

Еуропалық дереккөздер CNN телеарнасына берген мәліметінде, Еуропада АҚШ президентінің Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған бейбіт келіссөздерден шығып кетуінен қауіптене бастағанын хабарлады. Себеп – келіссөздерде ілгерілеудің болмауы. Дональд Трамп келісімнің бұзылуына Киевті және оның одақтастарын айыптауы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЕУРОПА АЛАҢДАП ОТЫР

Еуропада АҚШ президенті Дональд Трамптың бейбіт келіссөздерде нәтиже болмағандықтан шыдамын жоғалтып, келіссөздерден бас тартуы мүмкін деген қауіп бар. Ол келісімнің жүзеге аспауына Киевті және Еуропа астаналарын кінәлап, оларды Мәскеумен бейбіт келісімге кедергі келтірді деп көрсетуі ықтимал. Бұл туралы 10 желтоқсан, сәрсенбіге қараған түні CNN телеарнасы аты-жөнін атамаған еуропалық шенеуніктерге сілтеме жасап хабарлады.

АҚШ ПІКІРІ

Анонимді жоғары лауазымды америкалық шенеунік те бұл болжаммен келісіп, CNN арнасына «Бұл бітпейтін соғыс Ақ үй басшысы үшін барған сайын саяси ауыртпалыққа айналуда» деп мәлімдеді.

Ал АҚШ-тың Солтүстік Атлантикалық альянс (NATO) жанындағы тұрақты өкілі Мэттью Уитакер Fox News телеарнасында Трамп Мәскеу мен Киев арасында бейбіт келісімге қол жеткізу мүмкін емес деп шешсе, Украинадағы қақтығысты реттеу әрекеттерінен бас тартуы ықтимал екенін айтты.

Еуропадағы Wall Street Journal (WSJ) газетінің дереккөздері АҚШ, Украина және Ресейге бейбіт жоспардың негізгі тармақтарындағы қайшылықтарды жою үшін «апталар немесе айлар» қажет болуы мүмкін екенін жеткізді. Басылымның бір сұхбатшысы:

«Вашингтон Киев пен Еуропалық одаққа орындалуы мүмкін емес міндеттер қойып отыр. Америкалықтар тез нәтиже күтетінін білеміз. Бірақ талқыланып жатқан мәселелердің күрделілігін ескерсек, жылдам нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес», – деді.

ЗЕЛЕНСКИЙ МӘЛІМДЕМЕСІ

Украина президенті Владимир Зеленский 8 желтоқсан күні кешке Лондоннан Брюссельге ұшып бара жатқан ұшақта журналистерге АҚШ-тың бейбіт жоспары 28 тармақтан 20 тармаққа қысқарғанын айтты.

– «Бұрын 28 тармақ болатын, қазір 20-ға қысқарды. Украинаға қарсы бағытталған тармақтар алынып тасталды. Америкалықтардың жалпы ұстанымы – компромисс іздеу. Әрине, территорияға қатысты күрделі мәселелер бар, ол жерде әзірге келісім табылған жоқ», – деді Зеленский «Интерфакс-Украина» агенттігіне.

Ол 9 желтоқсан күні жоспардың соңғы нұсқасын аяқтап, Вашингтонға жіберетінін уәде етті.

Серіктес жаңалықтары