×
518.39
603.09
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.39
603.09
6.68

Солтүстік Қазақстанда белсенді Нұрбол Өнерхан үйқамаққа алынды

Бүгін, 10:25
Солтүстік Қазақстанда белсенді Нұрбол Өнерхан үйқамаққа алынды
Фото: Азаттық радиосы

Солтүстік Қазақстандық белсенді Нұрбол Өнерхан үйқамаққа алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

«Белсенділер экстремист емес» телеграм арнасының жазуынша, Нұрбол Өнерхан үйқамаққа алынып, денесіне жүріп-тұрғанын бақылайтын арнайы құрылғы тағылған.

«Нұрбол Өнерханға бақылау білезігін тағу шартымен үй қамаққа алу шарасы қолданылды», – деп жазды телеграм арна.

8 желтоқсанда полиция азаматтық белсенді Нұрбол Өнерханның үйінде тінту жүргізген. Оның үстінен 405-баптың 2-бөлігі («тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысу») бойынша қылмыстық іс қозғалғаны айтылған.

Белсенді бұған дейін, 2020 жылдың қарашасында дәл осы бап бойынша 1 жылға бостандығы шектеліп және 2 жылға қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салу жазасына кесілген болатын. Ол кезде Нұрбол Өнерханға "Қазақстанның демократиялық таңдауы" ("ҚДТ) қозғалысының жетекшісі, шетелде тұратын оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтің "идеологиялық және заңға қарсы әрекеттерін әлеуметтік желіде қолдады" және "тыйым салынған ұйымның қызметіне араласты" деген айып тағылған. Нұрбол Өнерханның өзі "ҚДТ-ны қолдайтынын, бірақ қозғалысқа мүше емес" екенін айтқан.

Нұрлан Өнерханның мамандығы мұғалім. 2019 жылдан бастап You Tube және Instagram сияқты әлеуметтік желілерде видео жариялап, билікті сынап мәлімдемелер жасап келеді. Белсенділігі үшін мектептен жұмыстан шығарылған.

 

Серіктес жаңалықтары