×
520.02
608.79
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.02
608.79
6.57

Адам саудасымен байланысты бірқатар ауыр қылмыс ашылды

Бүгін, 09:55
Адам саудасымен байланысты бірқатар ауыр қылмыс ашылды
Фото: Polisia.kz

Қазақстанда адам саудасымен байланысты бірқатар ауыр қылмы ашылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Адам саудасымен байланысты барлығы 39 факт тіркелді, оның алтауы кәмелетке толмағандарға қатысты.

НӘРЕСТЕЛЕРДІ САТУ ІСІ

Алматы қаласында жаңа туған нәрестелерді сату фактілеріне қатысы бар қылмыстық топ әшкереленді. Ұйымдастырушылар қиын өмірлік жағдайға тап болған жас әйелдерді материалдық сыйақы үшін сәбиін бөгде адамдарға беруге итермелеген.

Барлық қатысушы ұсталды. 20-дан астам қылмыстық іс тергелуде. Күдіктілерге мүлкін тәркілей отырып, 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

ҚҰЛДЫҚТА ҰСТАУ

Абай облысында азаматтарды мәжбүрлі еңбекке тартып, қанау фактісі анықталды. 11 қылмыстық іс қозғалып, материалдар сотқа жіберіледі.

ТҮНГІ КЛУБТАР

Түнгі ойын-сауық орындарын жүйелі тексеру барысында Шымкентте, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында азаматтарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды қанаудың әртүрлі фактілерінің жолы кесілді. Астанада полиция мен прокуратура бірлесіп, теміржол вокзалы маңында рейдтер жүргізді.

СЕКСУАЛДЫҚ ҚҰЛДЫҚ

Азаматтарды сексуалдық мақсатта пайдалануға арналған притондарды ұйымдастыру және ұстау бойынша сегіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр.

ДІНИ ҚЫЛМЫС

Ақмола облысында діни топтың әрекеті тоқтатылды. Аталмыш топ еркін жыныстық қатынастарды және отбасылық құндылықтардан бас тартуды насихаттайтын "рухани орталық" ұйымдастырған. Тінту барысында діни әдебиеттер, атрибуттар мен ритуалдық заттар табылды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары