Омбы мемлекеттік университеті мен Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар университеті әріптестік келісімін ұзартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Олар осы келісім аясында 15 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Қазақ тілі мен мәдениеті орталығының дамуын талқылады. Жаңартылған орталық енді тек жоғары оқу орнының студенттеріне ғана емес, Омбы облысының мектеп оқушыларына да қолжетімді болмақ.
Сонымен қатар Павлодардан тілдің табиғи тасымалдаушысы саналатын ұстазды шақыру, академиялық алмасу және бірлескен жобалар жоспарланып отыр.
«Павлодардан тілдің табиғи тасымалдаушысы ұстазды шақыру мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Сондай-ақ академиялық алмасу бағдарламаларын және бірлескен жобаларды жоспарлаудамыз. Жаңа жұмыс форматы бізге мәдени және білім беру байланыстарын сақтап қана қоймай, оны одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді», — деді Иван Кротт.
КОНТЕКСТ
Халық санағы деректеріне сәйкес, Ресей Федерациясының Омбы облысында шамамен 70 мың қазақ тұрады. Бұл — өңірдегі саны жағынан екінші ұлт.