×
519.61
610.13
6.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.61
610.13
6.54

Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған шетелдік жолаушылар эвакуацияланды

Бүгін, 16:30
Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған шетелдік жолаушылар эвакуацияланды
Көрнекі сурет. Фото: inbusiness.kz

Ақтөбе облысында құтқарушылар республикалық маңызы бар автожолда қар құрсауында қалған шетел азаматтарын эвакуациялады, деп хабарлады Ulysmedia.

Мән-жай

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, қар құрсауынан 57 адам құтқарылған.

«Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында республикалық маңызы бар автожолдың 975-шақырымында техникалық ақауға байланысты жолаушылар автобусы тоқтап қалған. Мәскеу – Тәжікстан бағытымен келе жатқан автобуста 57 адам, оның ішінде 3 бала болған. Барлық жолаушылар ТЖД күштерімен құтқарылды. Құтқарылғандар — Тәжікстан Республикасының азаматтары. Олар Қарабұтақ ауылындағы мешітте ұйымдастырылған жылыту пунктіне орналастырылды. Ешкімге медициналық көмек қажет болмады», — делінген хабарламада.

Құтқару жұмыстары ауа райының нашарлауы мен қарлы боран жағдайында жүргізілген. Төтенше жағдайлар қызметкерлері азаматтарды қолайсыз ауа райы кезінде алыс сапарлардан бас тартуға және автожолдардың жай-күйі туралы жедел ақпаратты қадағалап отыруға шақырады.

 

Серіктес жаңалықтары