×
519.61
610.13
6.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.61
610.13
6.54

Жапония Тоқаевтың ресми сапарына қызу дайындалып жатыр

Бүгін, 11:23
Жапония Тоқаевтың ресми сапарына қызу дайындалып жатыр
Фото: Борт N1

18–20 желтоқсан күндері Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барады. Токио көшелерінде Қазақстан мен Жапонияның мемлекеттік тулары ілінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жапонияда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Император Нарухитомен, премьер-министр Санаэ Такаичимен, сондай-ақ жапондық іскер топ өкілдерімен кездесулері жоспарланған.

Сонымен қатар, Қазақстан президенті «Орталық Азия – Жапония» саммитінің жұмысына қатысады.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Астанада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапонияның сыртқы істер министрі Такеши Ивая екіжақты әріптестіктің қазіргі жағдайы мен дамуын талқылаған болатын.

– Жапония – Азиядағы сенімді әрі жақын серіктесіміз. Біз Токиомен жан-жақты ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше мән береміз. Премьер-министр Шигэру Исибаға жылы лебізімізді жеткізуіңізді сұраймын. Біз оның Қазақстанға ресми сапарын асыға күтіп, соған дайындалып жатырмыз. Екі ел арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді деп сеніммен айтуға болады, – деген еді мемлекет басшысы.

Жапония мен Орталық Азия ынтымақтастығы

Сондай-ақ Жапония үкіметі Орталық Азия елдерімен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастыққа арналған жаңа шеңберлік бағдарлама әзірлеп жатқаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары