×
514.31
603.03
6.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.31
603.03
6.4

Үш жасар Зеренің өлімі: астаналық стоматологтар қанша жылға сотталуы мүмкін

Бүгін, 16:14
Үш жасар Зеренің өлімі: астаналық стоматологтар қанша жылға сотталуы мүмкін
Ulysmedia.kz коллажы

Астанада стоматологиялық клиникада 3,5 жастағы Зере Есентайдың өліміне қатысты іс бойынша сотта жарыссөз кезеңі басталды. Мемлекеттік айыптаушы сотталушыға 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Айыптау тарапының ұстанымы

Мемлекеттік айыптаушы Еркебұлан Шалқаров сотта айыптау позициясын жариялап, сотталушыға қатысты қандай жаза сұралып отырғанын мәлімдеді.

— Сотталушы Жұмағалиеваны ҚР ҚК 317-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айыруды, сондай-ақ 3 жыл мерзімге медициналық қызмет көрсету құқығынан айыруды сұраймын. Конституция күніне орай қабылданған амнистия туралы заңға сәйкес, сотталушыны тағайындалған жазадан босатуды өтінемін, — деді прокурор.

Айыптаушы тараптың пікірінше, сотталушының кінәсі іс материалдары мен куәгерлердің көрсетулері арқылы толық дәлелденген.

Сот процесінің мән-жайы

Аталған іс бойынша сот тыңдаулары қараша айында басталған. Тергеу материалдарына сәйкес, 2021 жылы туған Зере Есентай стоматологиялық клиникада 4,5 сағатқа наркоз салынғаннан кейін қайтыс болған.

Сот барысында педиатр-сарапшы қыз баланың стоматологиялық операция алдында тапсырған талдауларында қабыну процесінің белгілері болғанын, оның әлсіреген және сусызданған күйде екенін мәлімдеді. Сарапшылардың айтуынша, мұндай жағдайда стоматологиялық ем жүргізуге болмайды, ал баланы ұзақ уақытқа наркозға енгізу мүлде жол берілмейтін әрекет.

Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, стоматолог пен анестезиолог баланы алдымен педиатрдың кеңесіне жіберуі тиіс болған. Сонымен қатар іс материалдарында Денсаулық сақтау министрлігі комиссиясының қорытындысы бар. Онда клиникада бірқатар өрескел заңбұзушылықтар, соның ішінде стоматологиялық кабинетте қажетті жабдықтардың болмауы көрсетілген.

Алайда айып тағылған жалғыз тұлға — анестезиолог Аида Жұмағалиева. Оған ҚР ҚК 317-бабының 3-бөлігі («Медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы, абайсызда адам өліміне әкеп соғу») бойынша айып тағылған.

Қорғау тарапының ұстанымы

Сотталушы өз кінәсін мойындамайды. Бұл іс бойынша сотта сирек кездесетін жағдай қалыптасты: қаза тапқан баланың ата-анасы мен олардың өкілі сотталушының адвокатымен бірқатар өтініштерде ортақ позиция ұстанып отыр.

Сот отырыстары барысында олар бірнеше рет стоматологты және клиника басшысын да қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы өтініш білдірген.

Серіктес жаңалықтары