×
517.66
606.49
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
517.66
606.49
6.44

Қазақстан жыл сайын мұнайды аз өндіретін болады

Бүгін, 14:35
Қазақстан жыл сайын мұнайды аз өндіретін болады
Ulysmedia.kz коллажы

Экономистер келер жылы Қазақстан мұнай өндіру бойынша рекорд орнатады деп болжап отыр. Алайда одан кейін көрсеткіштер төмендей бастайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТАБЫС ӘКЕЛЕТІН САЛАЛАР

Halyk Finance сарапшылары 2025 жылы (қаңтар–қараша) қазақстандық өнеркәсіптің өсімі негізінен мұнай секторының есебінен қамтамасыз етілгенін атап өтті. Тау-кен өнеркәсібі аталған кезеңде 9,7%-ға өскен.

— Жылдық есепте 9,7%-ға дейін үдеудің басты себебі — шикі мұнай өндіру көлемінің 14,1%-ға артуы. Мұнайдың тау-кен өнеркәсібі құрылымындағы үлесі 68% болды. Бұл өсімнің негізгі көзі — Теңіз кен орнында өндірістің ұлғаюы, ол биыл ЖІӨ-нің жоғары қарқынмен өсуіне ықпал етті. Сонымен қатар, өсімге өткен жылғы төмен база әсері де болды, — деді Halyk Finance-тің бас сарапшысы Салтанат Игенбекова.

Мұнайдан бөлек, 2025 жылы Қазақстан экономикасына көмір де елеулі үлес қосты: оның өндірісі жылдық есепте 9,7%-ға артты. Ал металл кендерін өндіру көлемі мардымсыз болса да қысқарды (–0,6%).

МҰНАЙ МӘҢГІ ЕМЕС

Мемлекет мұнай-газ саласына инвестиция салуды жалғастырып отырғанымен, өңдеу өнеркәсібі екінші орында қалып отыр. 2025 жылы бұл сектор 5,9%-ға өсті. Энергетика саласындағы өсім де төмен (+2,3%), ал сумен жабдықтау мен қалдықтарды кәдеге жарату секторы 6,3%-ға төмендеді. Нәтижесінде 2025 жылғы өнеркәсіптік өсімнің басым бөлігі шикізат секторына — ең алдымен Теңіздегі кеңеюге — және мемлекеттік қаржыландыруға тәуелді болды. Алайда сарапшылар мұнай өндірудің шексіз өсе алмайтынын ескертеді.

— 2026 жылы жылдық мұнай өндіру көлемі аздап өсіп, шегіне жеткеннен кейін орта мерзімді кезеңде мұнай өндіру баяулайды. Баяулау қарқыны біртіндеп күшейеді, ал шикізат бағасының құбылмалылығы өнеркәсіптің жалпы динамикасын шектеуі мүмкін, — деп болжайды Салтанат Игенбекова.

Бұл Қазақстанға өнеркәсіпті әртараптандырып, табысты тек мұнайдан ғана емес, өзге салалардан да табуды үйрену қажет екенін білдіреді.

Серіктес жаңалықтары