×
515.02
604.22
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.02
604.22
6.5

«ҚазТАГ» бас редакторы қамауға алынды

Бүгін, 22:15
«ҚазТАГ» бас редакторы қамауға алынды
Ulysmedia коллажы

Астанада «ҚазТАГ» ақпарат агенттігінің бас редакторы Амир Қасенов ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы агенттік тілшісі хабарлады.

«Сағат 19:00-де тергеу әрекеттеріне шақырылған бас редактор Амир Қасеновтың ұсталғанын оның қорғаушылары жаңа ғана мәлімдеді. Бұл – құқық қорғау органдары мен тапсырыс берушілердің заңсыз әрекеті. Тапсырыс берушілердің қатарында Турлов пен Freedom Finance компаниясы тұр. Егер Қазақстанда әділдік бар болса, Амирге тағылған айыптар алынып, ол бостандыққа шығуы тиіс!» – деп жазды агенттіктің бас директоры Асет Матаев өзінің Telegram-арнасында.

АДВОКАТТЫҢ ПІКІРІ

Қорғаушы Рена Керимова Қасеновты қамауға алу – орташа ауырлықтағы айыпқа тым қатал шара деп санайды. Ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 274-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылғанын, бұл бап бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратынын айтты.

«Бұл – құқық қорғау органдарының психологиялық қысым мен заңсыз тергеу әдістері туралы мәлімдемелерге берген жауабы сияқты әсер қалдырады. Тергеу соты мұны заң тұрғысынан дұрыс бағалап, қамауға санкция беруден бас тартады деп үміттенемін», – деді адвокат.

ІСТІҢ НЕГІЗІ

ҚазТАГ басшылығына қарсы қылмыстық істің негізіне Freedom Finance компаниясындағы алаяқтықтан зардап шеккендердің және адвокаттың көрсетулері алынған. 2025 жылдың 3 сәуірінде олар редакцияға хабарласып, ҚазТАГ жариялаған ақпарат Freedom Finance мүддесіне қызмет етеді деп шағымданған. Олар бұқаралық ақпарат құралдарына жете алмай отырғанын, құқық қорғау органдарынан, қаржы реттеушісінен және президент әкімшілігінен әділдік таба алмай жүргенін ашық айтқан.

Серіктес жаңалықтары