2025 жылдың 24 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі 2026 жылдан бастап кейбір медицина қызметкерлерінің жалақысы көтерілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Министрлік таратқан хабарлаамада жаңа жылдан бастап жалақы өсетіні айтылған.
– 2026 жылдан бастап инфекциялық қызмет мамандары мен жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысы қосымша өсіріледі. Сонымен қатар медицина қызметкерлеріне күш қолданғаны үшін жауапкершілік күшейтіледі, – делінген министрліктің хабарламасында.
ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚОРҒАНЫС ЖОСПАРЫ
Министрлік Ішкі істер министрлігімен бірлесіп арнайы іс-қимыл жоспарын әзірлеген. Соған сәйкес медициналық ұйымдарда 152 полиция бекеті орнатылған.
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ҚОРҒАНЫС ЖҮЙЕСІ
– Сонымен қатар 2,1 мыңнан астам жедел жәрдем фельдшерін бейнежетондармен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде. Медициналық ұйымдарда жасанды интеллект талдау жүйесі бар бейнебақылау орнату және 626 қабылдау бөлімшесіне дабыл түймесін қою жоспарланып отыр, – деп түсіндірді министрлік.
БҰҒАН ДЕЙІН
Қостанай облысында 2 млрд теңгеге жуық бюджет қаржысын жымқыру дерегі әшкереленді. Тергеу мәліметінше, заңсыз схемаға облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы мен қазіргі орынбасары қатысқан.