×
511
602.72
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511
602.72
6.49

Грозныйда Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL ұшағының құрбандарына арналған мемориал ашылды

Бүгін, 09:05
Грозныйда Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL ұшағының құрбандарына арналған мемориал ашылды
report.az

Грозныйда Akтау маңында бір жыл бұрын апатқа ұшыраған AZAL рейсінің жолаушылары мен экипаж мүшелеріне арналған мемориал ашылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Ескерткіш тақта Гейдар Әлиев атындағы саябаққа орнатылған. Шараға Шешенстан билігінің өкілдері, сондай-ақ қаза тапқандардың туыстары мен жақындары қатысқан. Мемориалға «Апатта қаза тапқандарға мәңгілік естелік. Сіздердің есімдеріңіз біздің жүрегімізде мәңгі қалады» деген жазу қашалған.

Контекст

Ұшақ ппат 2024 жылы 25 желтоқсанда болған. Баку - Грозный бағыты бойынша ұшқан Embraer-190 жолаушы ұшағы Ақтау қаласы маңында құлаған. Ұшақ бортындағы 67 адамның 38-і қаза болған.

Әзербайжан билігі ұшақ апатына Ресейді айыптап, азаматтық ұшақты Шешенстандағы әуе қорғанысы жүйесі атқылағанын айтқан. Мәскеуден ашық кешірім сұрауды және өтемақы беруді талап еткен.

Трагедиядан кейін Ресей президенті Владимир Путин Азербайжан президенті Ильхам Әлиевке ресейлік әуе кеңістігіндегі жағдай үшін кешірім сұрады. Бірақ Мәскеу мен Баку қарым-қатынасы нашарлады. Азербайжан Ресейдің кінәні ашық мойындамайтынын, кінәлілерді жазаламағанын және өтемақы төлемегенін алға тартты.

Әзербайжан билігінің бастамасымен халықаралық тергеу басталды. Тергеу ұшақтың Ресей әуе кеңістігінде зақым алғанын растады. Тек 2025 жылдың қазанында Путин мен Әлиев жеке кездесу өткізді. Ресей президенті ұшақ маңында жарылыс болғанын мойындады. Сол сәтте әуе қорғаныс жүйесі украиналық дрондардың шабуылын тойтару үшін Шешенстан аспанында жұмыс істеп тұрған.

Серіктес жаңалықтары