Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ енгізген визалық шектеулерді айыптап, оларды «қорқыту және Еуропаның цифрлық егемендігіне қысым жасау» екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл шектеулер Еуропалық Одақтың «Цифрлық қызметтер туралы» директивасын (Digital Services Act – DSA) әзірлеуге қатысқан бес еуропалық азаматқа қатысты қабылданған.
«Бұл шаралар Еуропаның цифрлық егемендігіне қарсы қорқыту мен мәжбүрлеу әрекеті. DSA Еуропарламент пен Еуропалық Одақ кеңесі арқылы демократиялық жолмен қабылданды. Заң Еуропада платформалар арасындағы әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету және онлайн ортада офлайнда бар ережелерді сақтау үшін қолданылады», — деп жазды Макрон әлеуметтік желі X парақшасында.
АҚШ ШЕШІМІ
24 желтоқсанда АҚШ Мемлекеттік департаменті Еуропалық Одақтың ішкі нарық жөніндегі бұрынғы комиссары Тьерри Бретонға, британдық «Global Disinformation Index» (GDI) ұйымының жетекшісі Клэр Мелфордқа, немістің «HateAid» ұйымының жетекшілері Анна-Лена фон Ходенберг пен Жозефине Баллонға, сондай-ақ Вашингтондағы «Цифрлық өшпенділікке қарсы орталықтың» (CCDH) атқарушы директоры, британдық Имран Ахмедке АҚШ-қа кіруге виза беруден бас тартты. Имран Ахмедке елде болу құқығынан айырылу қаупі төніп тұр.
АҚШ ПІКІРІ
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио санкцияға іліккендерді «америкалық тұлғалар мен компанияларға қарсы репрессивті цензуралық шараларды алға жылжыту үшін өз ықпалын пайдаланған радикалды белсенділер» деп атады.
БҰҒАН ДЕЙІН
Франция президенті Эммануэль Макрон Еуропаға Ресей президенті Владимир Путинмен тікелей диалогты қайта бастау жолын табу қажет екенін айтты