×
512.81
604.19
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.81
604.19
6.57

Докторантураға түсу талаптары жеңілдеді

Бүгін, 23:40
Докторантураға түсу талаптары жеңілдеді
Әлеуметтік желіден

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов шығармашылық және тілдік мамандықтар бойынша докторантураға түсу талаптары өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оның айтуынша, бұл мәселе депутаттық сауал арқылы бірнеше рет көтерілген болатын.

«Қолданыстағы ережелерге сәйкес, мамандығына қарамастан, барлығына ағылшын тілін білетінін растайтын сертификат міндетті еді», – деп жазды депутат.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР

Депутаттың сөзінше, ғылымдағы ағылшын тілінің маңызы зор болғанымен, барлық сала үшін бірдей талап қою әділетсіздікке әкелген.

«Қазақ филологиясы немесе музыка саласындағы талантты зерттеушілер тек шет тілі сертификатының жоқтығынан докторантураға түсе алмай жүрген жағдайларды көрдік», – деді ол.

Асхат Аймағамбетов бұл талаптардың GPT мен Gemini сияқты заманауи құралдар пайда болғанға дейін орынды болғанын, алайда қазір жағдай өзгергенін атап өтті.

МИНИСТРЛІК ҚАНДАЙ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ

Ғылым және жоғары білім министрлігі депутаттың бастамасын қолдады. Министрдің №490 бұйрығымен Үлгілік ережелерге өзгерістер енгізілді.

«Бұл мәселеге сараланған тәсіл қолдануды ұсындым, нәтижесінде нақты шешім қабылданды», – деп жазды депутат.

БАҒЫТТАРЫ

Енді төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша докторантураға түсу үшін шет тілін меңгергенін растайтын сертификат талап етілмейді:

  • D005 – Дене шынықтыру педагогтерін даярлау

  • D006 – Музыка педагогтерін даярлау

  • D017 – Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

  • D018 – Орыс тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

ДОКТОРАНТУРАҒА ҚАБЫЛДАУДА ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІС БОЛАДЫ

Сонымен қатар, Асхат Аймағамбетов докторантураға қабылдау кезінде эссе орнына Research Proposal енгізуді ұсынған. Бұл ұсыныс та қолдау тапқан.

«Үміткердің шынайы ғылыми әлеуетін бағалау үшін зерттеу жоспарын дайындау әлдеқайда тиімді», – деп есептейді депутат.

Министрліктің мәліметінше, Research Proposal енгізу және тәуелсіз сарапшыларды тарту нормасы 2026–2027 оқу жылынан бастап жүзеге асырылады.

ЖҮЙЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР 

Дегенмен депутат барлық ұсыныс бірдей қабылданбағанын да жасырмады. Оның айтуынша, Scopus талаптарын өзгерту, тізімді өзге шығармашылық бағыттарға кеңейту және тіл емтиханын тапсыру мерзімін оқу соңына ауыстыру мәселелері әлі де қаралуы тиіс.

Серіктес жаңалықтары