×
504.6
594.27
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.6
594.27
6.48

Мәсімовтің аукциондағы үйі "бас қосатын орын" болған

Бүгін, 15:35
Мәсімовтің аукциондағы үйі "бас қосатын орын" болған
Ulysmedia.kz коллажы

Ulysmedia.kz Қазақстанда бір кездері ең ықпалды тұлғалардың бірі болған, екі рет премьер-министр қызметін атқарған, ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы, кейін мемлекеттік төңкеріс жасауға талпынып, мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапеновтің алғашқы ашық сұқбатын жариялайды.

Қапенов жайлы не айтылмады, «Мәсімовтің адамы», «Күшік күйеу» тағы сол сияқты «айыптар» мен мазақтарға толы небір сөздер айтылды. Бұл сұқбатта ол алғаш рет өзі туралы, Кәрім Мәсімовпен қарым-қатынасы, өзіне қатысты қылмыстық іс және не себепті өзіне жасалған қудалауды рейдерлік әрекет деп санайтыны жөнінде егжей-тегжейлі баяндайды.

Сұқбат барысында Капенов Кәрім Мәсімовпен қалай танысқанын айтып берді. Оның сөзінше, бұл кездесу 2013 жылдың жазында болған.

Қайын атаңыз сізді қалай қарсы алды?

– 2013 жылдың тамызында Астанадағы үйіне барып, Мәсімов мырзамен таныстым.

Бұл жақында аукционға қойылған үй ме?

– Жоқ, ол үйде Мәсімов тұрмаған. Сатылымға шығарылған үй қонақ қабылдайтын, бас қосатын орын болған. Отбасылық үй емес. Ол басқа үйде тұрған, Астанаға көшкен кезде Назарбаев сыйлаған үйде. Шұбар ауданындағы шағын кірпіш үй, бір жарым қабатты, мансардасы бар. Менің білуімше, кейін ол үй бұзылған.

Назарбаев оған бұл үйді қашан сыйлады?

– 1997 жылы ол үйде Назарбаевтың өзі тұрған. Ал Мәсімовке, шамасы, 2001-2002 жылдары сыйлаған. Ол үйін ауыстырған емес, әрдайым сонда тұрды. Назарбаевтың сыйлығын қалай сатсын? Сол үйде өмір сүрді. Ал бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілетін әлгі зәулім үй қонақтар үшін пайдаланылған. Ол жерде кішігірім кездесулер өтетін. Мен ол үйде бірде-бір рет болған емеспін. Әрине, онда Қазақстанның бүкіл элитасы, Назарбаевтың өзі де жиналған шығар деп ойлаймын.

Анықтама: Кәрім Мәсімовтің ондаған бөлмесі, бассейндері, бильярд залы, бірнеше гаражы мен ресепшні бар сән-салтанатты зәулім үйі мемлекет пайдасына тәркіленіп, 1,8 млрд теңгеге аукционға шығарылған. Алайда кейін ол әлеуметтік мақсатқа жұмсалатын болды.

Азамат Қапеновтің алғашқы ашық сұқбатын толығырақ осы тұстан оқи аласыз. 

Серіктес жаңалықтары