×
505.53
593.44
6.34
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.53
593.44
6.34

Биылдан бастап шетелдіктер Қазақстан елшіліктерінде ЖСН ала алмайды

Бүгін, 09:00
Биылдан бастап шетелдіктер Қазақстан елшіліктерінде ЖСН ала алмайды
Ulysmedia.kz коллажы

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беруді тоқтатады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Шетел азаматтарына ЖСН рәсімдеуге мүмкіндік беретін пилоттық жоба 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін ғана жұмыс істеген. Осы мерзімнен кейін Қазақстанның шетелдегі мекемелері арқылы ЖСН алу мүмкін болмайды.

Билік балама ретінде eResidency бағдарламасын ұсынады. Бұл жүйе шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ, толықтай онлайн форматта мемлекеттік қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді. Бағдарлама аясында ЖСН көрсетілген цифрлық ID-карта рәсімдеп, Қазақстанда ресми цифрлық мәртебе алуға болады.

Аталған мәртебе бірқатар бизнес-қызметтер мен қаржылық құралдарға жол ашады. Атап айтқанда, онлайн режимде банк шотын ашуға, электронды цифрлық қолтаңба алуға, қазақстандық нөмірі бар eSIM қосуға, қор нарықтарымен және криптобиржалармен жұмыс істеуге, сақтандыру қызметтерін, эквайрингті пайдалануға, тіпті салық резиденттігін рәсімдеуге мүмкіндік бар.

1 қаңтардан кейін ЖСН қажет болған жағдайда азаматтарға eResidency бағдарламасының ресми сайты арқылы тікелей өтініш беруге кеңес беріледі. Онда барлық қажетті ақпарат толық көрсетілген.

Серіктес жаңалықтары