×
505.53
593.44
6.34
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.53
593.44
6.34

Си Цзиньпин Тайвань тағдырына қатысты мәлімдеме жасады

Бүгін, 18:00
Си Цзиньпин Тайвань тағдырына қатысты мәлімдеме жасады
foreignaffairs.com

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Тайваньның болашағына қатысты мәлімдеме жасап, материктік Қытай мен Тайваньның қайта қосылуы тарихи тұрғыдан сөзсіз екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жаңа жылға арналған үндеуінде Қытай көшбасшысы Тайвань бұғазының екі жағында тұратын қытай халқын «қандас бауырлар» деп атап, бұл үдеріске ешкімнің тосқауыл қоя алмайтынын жеткізді.

- Тайвань бұғазының екі жағындағы отандастарымыз – бір халық. Қытайдың қайта бірігуі – тарихи заңдылық, оған ешкім кедергі келтіре алмайды, – деді Си Цзиньпин.

“БІР ЕЛ ЕКІ ЖҮЙЕ”

Си Цзиньпин Қытайдың «Бір ел – екі жүйе» саясатын табанды түрде жүзеге асыруды жалғастыратынын атап өтті. Сондай-ақ Гонконг пен Макао аймақтарын елдің жалпы даму үдерісіне біріктіру олардың ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен өркендеуіне қызмет ететінін айтты.

ҚЫЗЫЛ СЫЗЫҚ

Бұған дейін Қытай Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Чжан Сяоган Бейжіңнің Тайваньмен бейбіт жолмен қайта қосылуға ұмтылатынын, алайда қажет болған жағдайда өзге де шаралар қабылдау құқығын сақтайтынын мәлімдеген.

Оның айтуынша, Тайваньның тәуелсіздігін қолдайтын күштер «қызыл сызықтан» өтсе, Қытай армиясы батыл қадамдарға баруға мәжбүр болады.

РЕСМИ ҰСТАНЫМ

Бейжің Тайваньды өзінің бүлікші провинциясы деп санайды және аралдың өзге мемлекеттермен кез келген ресми байланысын Қытайдың егемендігі мен аумақтық тұтастығына қауіп ретінде қабылдайды. Осыған байланысты Қытай билігі Тайваньмен халықаралық деңгейде орнатылатын барлық ресми қарым-қатынасты үзілді-кесілді жоққа шығарады.

Серіктес жаңалықтары