×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Алматыда балалар пансионаты жасөспірімді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген

24.01.2023, 19:26
Фото: Ашық дереккөз

Алматы қалалық полиция департаменті балалар пансионатының атын жамылып жұмыс істейтін қайырымдылық мекемелерін кәмелетке толмағанды өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі және басқа да қылмыстарды жасады деген күдікпен қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Бұл пансионаттарда тұратын кәмелетке толмағандар жүйелі түрде діни жоралғылар мен ұжымдық дұғаларға тартылған. Бұған көнбеген балаларды тамақ, су бермей жазалаған, кей жағдайда физикалық күш қолданылған. Пансионаттарда жүргізілген тінтулер шетелдік діни әдебиеттер мен оқу материалдарының, оның ішінде Қазақстанда экстремистік деп танылған және таратуға тыйым салынған материалдардың бар екенін растады", – деп жазды .Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіне сай басқа мәліметтер жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары