Арал ауданында қайтарылған активтер қаржысына салынған жаңа ауызсу жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жаңа жүйенің арқасында 100-ден астам ауыл тұрғыны сапалы ауызсуға тұрақты қол жеткізді.
Бұған дейін жергілікті халық тасымалданатын суды пайдалануға мәжбүр болып, бұл олардың күнделікті тұрмысын едәуір қиындатқан еді. Ауызсу жүйесінің пайдалануға берілуі қайтарылған активтердің мақсатты әрі тиімді жұмсалып, халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға және әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға бағытталғанын көрсетеді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда заңсыз активтерді қайтару комитеті қайта құрылатынын хабарлаған едік.