×
512.83
600.58
6.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.83
600.58
6.36

"Самұрық-Қазына" басшысы үш жылда 800 миллион теңгеден астам табыс тапқан

06.01.2026, 23:50
"Самұрық-Қазына" басшысы үш жылда 800 миллион теңгеден астам табыс тапқан
Ulysmedia

"Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов 2022-2024 жылдар аралығында шамамен 800 млн теңге табыс тапқанын декларациялаған. Бұл деректер қордың топ-менеджерлерінің кірістері туралы жарияланған мәліметтерде көрсетілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Декларацияға сәйкес, 2024 жылы "Самұрық-Қазына" басқарма төрағасының дербес салық салынатын табысы 197 259 412 теңге болған. Салыстыру үшін айтсақ, 2023 жылы Жақыповтың табысы 186 543 551 теңге болса, одан бұрынғы 2022 жылы бірден 422 182 000 теңгеге жеткен, яғни рекордтық 2022 жылдан кейін қор басшысының табысы азайғанымен, ол Қазақстандағы орташа жалақыдан әлі де бірнеше есе жоғары.

БАСҚА ТОП-МЕНЕДЖЕРЛЕРДІҢ ТАБЫСЫ

Басқарма мүшелері бойынша да деректер жарияланды. Атап айтқанда, даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директор Салтанат Сәтжан былтыр 8 273 745 теңге табыс декларациялаған. Қор басшысының табысы мен басқарма мүшесінің табысы арасындағы айырмашылық 20 еседен асады.

БАСҚАРУШЫҒА ТӨЛЕНГЕН МИЛЛИАРДТАР

Бұған дейін, желтоқсан айында, біз "Самұрық-Қазына" қорының топ-менеджментіне төленетін төлемдер туралы жазған едік. Қаржылық есепке сәйкес, негізгі басқарушы қызметкерлер – қордың өзі мен оның еншілес компанияларының директорлар кеңесі мен басқарма мүшелері былтыр тоғыз айында жалпы сомасы 6 млрд 738 млн теңге табыс тапқан.

Серіктес жаңалықтары