×
512.83
600.58
6.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.83
600.58
6.36

Шымкентте аудандық полиция басқармасының басшысы ұсталды

07.01.2026, 09:00
Шымкентте аудандық полиция басқармасының басшысы ұсталды
Фото: Шымкент полициясы

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының басшысы Батырбек Мырзагелдиев пара алды деген күдікпен ұсталғаны белгі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Kursiv.kz сайтының жазуынша, сот кабинеті жүйесіндегі деректерге қарағанда, Мырзагелдиевке қатысты іс Шымкент қалалық тергеу сотына 2025 жылғы 30 желтоқсанда жолданған. Ал бір күн бұрын аталған іс бойынша адвокат Талғат Есімов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасап, Батырбек Мырзагелдиевті 28 желтоқсанда ҰҚК қызметкерлері ұстағанын жазған.

Адвокаттың айтуынша, Мырзагелдиев өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Қорғау тарапы бұл жағдайды Шымкент қаласындағы өзге бір аудандық полиция басқармасының өндірісіндегі қылмыстық істерден жалтару мақсатында жасалған үшінші тұлғалардың арандатушылық әрекеті деп бағалайды. Сондай-ақ қорғаушы оның пара алу фактісіне ешқандай қатысы жоқ екенін айтады.

Мырзагелдиев ұсталған сәтінде түсірілген суреттері әлеуметтік желіде тарап кеткен. Ол аса ірі көлемде (20 млн теңге) пара алды деген ақпарат шыққан. Полиция бұл ақпаратты растамаған да, жоққа да шығармаған.

Серіктес жаңалықтары