×
512.83
600.58
6.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.83
600.58
6.36

Қазақстанда SIM-карталарды пайдалану тәртібі өзгерді

07.01.2026, 10:00
Қазақстанда SIM-карталарды пайдалану тәртібі өзгерді
gov.kz

2026 жылғы 3 қаңтардан бастап Қазақстанда SIM-карталарды сатып алу және пайдалану тәртібі өзгерді, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Қазақстанда енді SIM-картаны тек биометриялық сәйкестендіруден өткеннен кейін ғана қолдануға болады.

SIM-картаны бұрынғыдай дүкендерден немесе сату нүктелерінен сатып алу мүмкіндігі сақталғанымен, оның жұмыс істеуі үшін міндетті түрде биометриялық тіркеуден өту талап етіледі.

Егер азамат карта сатып алған соң оны өз бетінше белсендіруді қаласа, телефонға SIM салынған кезде SMS-хабарлама келеді. Одан кейін байланыс операторының мобильді қосымшасын жүктеп, биометриялық сәйкестендіруден өтіп, тарифтік жоспарды таңдауға болады.

Ал интернетке қосылуы жоқ немесе батырмалы телефон пайдаланатын азаматтар биометриядан өту үшін байланыс операторларының абоненттік бөлімдеріне жүгінуі тиіс.

Сонымен қатар жаңа ереже бойынша бір адамға ең көп дегенде он SIM-карта рәсімдеуге рұқсат етілген.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкиннің сөзінше, бұл жүйе интернет-алаяқтықпен күресу мақсатында қолға алынған.

«Өкінішке қарай, біз интернет-алаяқтық деректерімен жиі бетпе-бет келеміз. Көп жағдайда заңсыз әрекеттерді нақты кім жасағанын анықтау қиынға соғады, себебі телефон нөмірлері нақты жеке тұлғаға тіркелмеген. Биометрия осы олқылықты жоюға мүмкіндік береді», — деді вице-министр.

Бұған дейін БАҚ 2025 жылы Қазақстанда интернет-алаяқтық рекордтық деңгейге жеткенін хабарлаған. Құқық қорғау органдары өткен 11 айда 26,3 мың қылмысты тіркеген. Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға көп.

 

Серіктес жаңалықтары