Кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы жұбайы Ляйсира Марат режиссер Ақан Сатаевтың экс-жұбайы Назира Бақаеваның резонанс тудырған сұхбатына қатысты пікір білдірді. Сұхбатта Назира Бақаева күйеуімен не себепті ажырасқаны туралы айтқан болатын, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Ляйсира Марат журналистер алдына шығып, жеке өміріне қатысты сұхбат берген Назирa Бақаеваның қолдап жазба жариялады. Ол оның ажырасудан кейін қиын жолдан өткенін айтты.
— Меніңше (енді өзімді азды-көпті сарапшы деп айтуға болады!), Назира осы жылдар ішінде ішкі сұрақтарына жауап тауып, сол тәжірибесін бізбен бөлісті. Кейіпкердің әрбір сөзі мен қимылынан терең сезім, шынайы толғаныс аңғарылады. Ұмыт қалудың тұманын сейілтіп, өзіне мұқтаж жандарға шыққаны үшін рақмет. Біз бармыз! Біз аман қалдық, демек жаңа кезең басталды. Бұл — жарық пен махаббатқа толы екінші өмір, — деп жазды Ляйсира Марат.
Сондай-ақ ол кәсіпкер Жұмабек Жанықұловтың бұрынғы жұбайының тағдырын еске алды. Жанықұлов ажырасқаннан кейін тележүргізуші Динара Сәтжанға ресми түрде үйленген болатын. Ляйсира Мараттың айтуынша, ол оның экс-жұбайымен жеке таныс болған және оның қандай ауыр кезеңдерден өткенін жақсы біледі.
— Мен Жұмабектің бұрынғы жары Жаннамен таныс едім. Ол үшін ең ауыр жыл болды: үйде бес бала, анасы онкологиядан көз жұмып жатқан шақ, ал күйеуі отбасынан кетіп қалды, — деді ол.
Контекст
Назира Бақаеваның берген сұхбаты әлеуметтік желіде қызу талқыланған. Онда ол некедегі ең ауыр сәттердің бірі күйеуінің актриса Алмира Тұрсынмен қарым-қатынасы болғанын айтқан. Бақаева көп әйел алуға дайын болмағанын айтқан. Сонымен бірге ол Ақан Сатаевтың әрдайым жауапты әке болғанын, балалардың мүддесі олүшін басты орында тұрғанын атап өткен.
Кейін Ақан Сатаевтың өзі ажырасуға қатысты пікір білдіріп, бұл шешімнің жеке себептерге байланысты қабылданғанын және үшінші тұлғаларға қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, шешім екі жақтың келісімімен қабылданып, балалармен де талқыланған. Ал Назирaның ажырасу себептері туралы айтқан сөздері режиссёр үшін күтпеген жайт болған. Сондай-ақ ол отбасындағы келіспеушіліктер «Томирис» фильмі түсірілмей тұрып-ақ басталғанын айтты.
Ляйсира Мараттың өзі де жеке өміріне қатысты ашық мәлімдемелерімен танымал. Ол 27 жылдан астам уақыт Тұрсын Алагөзовпен некеде болған. Қазір Алагөзов қазақстандық продюсер Баян Алагөзовамен шаңырақ көтерген. Оның айтуынша, GALANZ Bottlers компаниясын ауыр қаржылық дағдарыстан шығару дәл өзіне және оның командасына түскен. Ол бизнесті миллиардтаған қарызбен қабылдап, жеке ресурстары, несиелері мен үлкен қысымның есебінен қайта аяғынан тұрғызғанын мәлімдеген.
Сонымен қатар, компания тұрақтанғаннан кейін бизнестен кетуге мәжбүр болғанын, ал бұл процесс өзіне жақын адамдарға қатысты қысым мен қылмыстық істермен қатар жүргенін де бірнеше рет айтқан.