×
508.91
594.36
6.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.91
594.36
6.33

Айзат Жұманованың өлімі: Айбар Жанболат 14 жылға сотталды

Бүгін, 10:10
Айзат Жұманованың өлімі: Айбар Жанболат 14 жылға сотталды
Ulysmedia.kz коллажы

Талдықорғанда әйелі Айзат Жұманованы өлтірді деген күдікке ілінген Айбар Жанболатқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СОТ ҮКІМІ

Сот үкімі бойынша Айбар Жанболат 14 жылға сотталды. 

Сот жәбірленушінің өтініш-талабын ішінара қанағаттандырды. Моральдық шығын ретінде 20 миллион теңге өндіруді, сондай-ақ 1, 7 миллион теңге адвокат шығынын өтеуге үкім етті.

Жәбірленуші 100 миллион теңге моральдық ретінде шығын талап еткен.

КОНТЕКСТ

32 жастағы Жетісу облысының тұрғыны Айзат Жұманованы күйеуі ұрып өлтіргені жөнінде биыл маусымда белгілі болған. Сол уақытта марқұмды күйеуі атқа сүйреп өлтірді деген ақпарат тараған. Оқиға Баласаз ауылында болған.

Бастапқыда іс қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша қозғалған. Кейіннен жәбірленуші тараптың шағымынан кейін іс 99-баптың 1-бөлігіне қайта сараланған. Бірақ адвокат Арман Шәріпов іс 99-баптың 2-бөлігімен саралануы тиіс деп есептейді

Серіктес жаңалықтары