Атырау облысында бір отбасы мүшелерін өлтірді деген күдікпен іздеуде жүрген адамға қатысты ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Әңгіме зейнеткер ерлі-зайыптылардың күйеу баласы — Сұлтан Сәрсемәлиев туралы болып отыр. Марқұм ерлі-зайыптының мәйіттері қорадағы еденнің астынан табылған.
Полицияның мәліметінше, Сәрсемәлиев Сұлтан Самиғоллаұлы бір тәуліктен бері іздеуде.
Туған күні: 1996 жылғы 24 сәуір
Қазақстан Республикасының азаматы
Іздестіруді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бастаған. Оперативтік іс-шараларды Атырау облысының полиция департаменті жүргізіп жатыр. Байланыс телефоны: 98-21-55.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, 2025 жылдың қазан айынан бері Жангелдин ауылының тұрғындары Мақсот Қарабалин, оның жұбайы Нәсіп Өтешқалиева және балалары Мирагүл мен Наурыз туралы ешқандай ақпарат жоқ. Туыстарының айтуынша, отбасы аяқ асты жоғалып кеткен және содан бері байланысқа шықпаған.
6 қаңтарда екі мәйіт табылып, 7 қаңтарда жерлеу рәсімі өтті.