Марқұм Айзат Жұманованың әпкесі Раушан Дәуренбекова сот үкіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Марқұмның әпкесі бастапқыда 106-баппен келіспегенін айтады.
- Кейін жүгіріп жүріп 99-1-ге аоып келдік. Эксгумация нәтижесімен келдік. Мәйітті 59 күнде қазып алдық. Эксгумацияны өз көзіммен көрдім. Ішінде, сыртында қаншама жарақат болды. Сондықтан бапты өзгерттік, - дейді Раушан Дәуренбекова.
Ол Айзат жүкті болған деген хабарды жоққа шығарды.
- Айзаттың құрбысы “Айзат маған келемін, жақсы хабарым бар” деп 17-сі айтқан. Айзат 21-і қайтыс болды. Біз жүкті болған шығар деп ойладық. Бірақ жүкті болмай шықты, - дейді ол.
Раушан Дәуренбекова енді адвокаттары апелляция жұмыстарымен айналысатынын айтты.
СОТ ҮКІМІ
Еске салайық, бүгін Айзат Жұманова өлтірді деген күдікке ілінген күйеуі Айбар Жанболат 14 жылға сотталды.