Бүгінгі мәлімет бойынша, елімізде 64 283 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 26 қыркүйек бойынша ақпарат жарияланды. Коронавирусқа шалдыққан 64 283 (–55 396 + және 8 887 КВИ-) науқастың 11 261-і стационарда, 53 022-сі амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 900 адамның жағдайы ауыр, 226 пациенттің жағдайы өте ауыр,143 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.