×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Өзбекстанға жеткізілуі тиіс 22 көлік Қазақстанда сатылып кеткен

25.01.2023, 20:47
Фото: Ашық дереккөз

Грузия мемлекетінен Қазақстан арқылы Өзбекстан еліне жеткізілуі тиіс 22 көлік Маңғыстауда сатылып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жалған транзит ұйымдастырылып, 3 автотасымалдағышқа тиелген 22 көлік діттеген жеріне жетпеген. Көліктер Құрық порты арқылы өтіп, ел аумағында сатылып кеткен. Салдарынан мемлекетке алдын ала есеп бойынша 98 млн теңге шығын келтірілді. Қазір көліктердің қайда және кімге сатылғаны анықталып жатыр.

«Арнайы базаға жалған деректер енгізіліп, аталған автокөліктер Өзбекстан Республикасына өтіп кеткені туралы деректер енгізілген. Алайда, тергеу амалдарын және жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында аталған автокөліктер Өзбекстан Республикасына өтпей, Қазақстан Республикасы аумағында сатылып кеткендігі анықталды. Қазіргі таңда біз осы қылмысты ұйымдастырған тұлғаға қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатырмыз», - деді Маңғыстау облыстық экономикалық тергеу департаменті тергеу басқамасының аға тергеушісі Әлібек Дүзелбаев.

Серіктес жаңалықтары