×
512.16
594.72
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.16
594.72
6.57

Анарбековтің болашақ клубы белгілі болды

Бүгін, 23:40
Анарбековтің болашақ клубы белгілі болды
Ашық дереккөзден

Алматының «Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин қақпашы Темірлан Анарбеков осы трансферлік кезеңде командада қалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

22 жастағы қақпашы Лига чемпионаты мен әлем чемпионатына іріктеу ойындарында өзін жақсы қырынан көрсеткеннен кейін, бұқаралық ақпарат құралдарында оның қай клубта жалғастыратыны туралы түрлі болжамдар тараған еді.

Алайда бапкердің айтуынша, әзірге ойыншыны сатуға қатысты ресми ұсыныстар жоқ:

«Иә, иә, әрине, ол командада қалады. Қазіргі уақытта ол біздің негізгі қақпашымыз. Ресми ұсыныстар түскен жоқ», – деді Уразбахтин баспасөз мәслихатында.

СӘТПАЕВТЫҢ ЖАҒДАЙЫ

«Қайраттың» басты жұлдызы саналатын 17 жастағы жартылай қорғаушы Дастан Сатпаев соңғы матчта алаңға шыққан жоқ. Ол 2025 жылғы Лига чемпионатында «Олимпиакосқа» қарсы ойынды өткізіп алды және әлі толық қалпына келген жоқ.

Бапкердің айтуынша, Сәтпаев оқу-жаттығу жиындарына да қатыспаған, қазір ем қабылдап жатыр:

«Досиканы алаңда көрмейміз, ол әзірге емделуде. Әрине, бұл біз үшін үлкен шығын, бірақ ең бастысы – ойыншының денсаулығы. Әсіресе Дастандай талант үшін. Біз оның тезірек сауығып, қайта оралуын тілейміз», – деді ол.

СОҢҒЫ ОЙЫН

Еске сала кетейік, ертең, 20 қаңтар күні «Қайрат» Лига чемпионаты 2025/2026 маусымындағы соңғы үй матчын өткізеді. Ойын «Астана Аренада» өтеді, ал қарсылас – Бельгияның «Брюгге» клубы.

Серіктес жаңалықтары