×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Оралда аулада ойнап жүрген бала асылып қала жаздады

26.09.2021, 10:12
Оралда аулада ойнап жүрген бала асылып қала жаздады
ашық дереккөз

Оралдағы балалар алаңының бірінде ойнап жүрген бала байқаусызда жаттығу жасайтын арқанға оратылып, асылып қала жаздады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Мой город» порталында жарияланған мәлімет бойынша, арқанға қылқынып қалған бала ауруханаға жеткізілген. Бала 9 жаста.

«Баланың жағдайы өте ауыр. Қазіргі уақытта ол қалалық көпсалалы аурухананың жансақтау бөлімінде ес-түссіз күйде жатыр», - дейді БҚО Полиция басқармасының баспасөз қызметі.