×
503.35
590.63
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.35
590.63
6.62

Кәсіппен айналыспауға және партия мүшесі болмауға тиіс: вице-президентке қойылатын талаптар қандай

Бүгін, 15:42
Кәсіппен айналыспауға және партия мүшесі болмауға тиіс: вице-президентке қойылатын талаптар қандай

Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев елімізде енгізілетін жаңа институт – вице-президенттің өкілеттігіне қатысты конституциялық өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысында президент көмекшісі жаңа Ата заңға мынадай негізгі қағидаларды енгізуді ұсынды:

  • Вице-президентті Құрылтайдың келісімімен (жалпы депутаттар санының көпшілік дауысымен) президент тағайындайды. Бұл тәсіл ҚР премьер-министрін тағайындау рәсіміне сәйкес келеді.
  • Вице-президентті қызметінен президент босататын болады.

Сонымен бірге, Конституцияда вице-президенттің өкілеттіктеріне қатысты мынадай негізгі қағидаларды көрсету ұсынылды:

Вице-Президент:

  • Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастардағы мүдделерін білдіреді;
  • Құрылтаймен, үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында президенттің атынан өкілдік етеді.
  • Сонымен бірге, вице-президент Қазақстан Республикасы президенті атынан Қазақстан Республикасының және шетелдердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдарымен қарым-қатынас орнатады.
  • Вице-президент өкілді органның депутаты болмауға, өзге де ақылы лауазымдарды атқармауға және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмауға тиіс.
  • Өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде вице-президент саяси партияның мүшесі болмауға тиіс. Мұндай тәртіп саяси бәсекелестікті арттыруға және барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған ұстанымға сәйкес келеді.

Вице-президенттің өзге де өкілеттері президент айқындайды және вице-президент институтының енгізілуіне байланысты Конституциядан мемлекеттік кеңесші туралы нормалар алынып тасталады.

 

Серіктес жаңалықтары