2026 жылдың 27 қаңтарында Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасы мен Ресей ғылым академиясының Күн-Жер физикасы институты Жерде магниттік дауылдардың қайтадан басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАҢТАРДАҒЫ КОСМОСТЫҚ АХУАЛ
Мамандардың айтуынша, қаңтар айында алғаш рет салыстырмалы түрде тыныш кезең байқалды – үш күн бойы магниттік дауылдар мен ауытқулар тіркелмеді. Дегенмен айдың жалпы жағдайы өте шиеленісті болып тұр және жаңа рекордтар орнатуы мүмкін.
«Өкінішке қарай, бұл тыныштық ұзаққа созылмайды. Ертең-ақ бәрі өзгереді. Себебі Күннің көрінетін жағында орналасқан бір ғана, көзге әрең байқалатын короналық тесік Жерге әсер ете алатын ерекше нүктеге шықты. Алдағы 24 сағат ішінде геомагниттік индекстер өсіп, ертеңнен бастап қалыпты сары және қызыл аймаққа қайта оралады», – делінген хабарламада.
Ғалымдар бұл короналық ойық Күнді бес рет айналып шыққанын атап өтті.
ҚАУІПТІ ДЕҢГЕЙДЕГІ ДАУЫЛ
20 қаңтарда Жерге магниттік дауыл жетіп, оның қуаты экстремалды G5 деңгейіне дейін көтерілген болатын.