×
502.27
597.15
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.27
597.15
6.57

Қазақстан Конституциясы 84 пайызға жаңартылады

Бүгін, 16:28
Қазақстан Конституциясы 84 пайызға жаңартылады
Ulysmedia.kz коллажы

Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында түзетулердің жинақталған жобасын таныстырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жаңартылған Конституция кіріспеден (преамбула), 11 бөлімнен және 104 баптан тұрады. Құжатта екі жаңа бөлім енгізіледі — «Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу». Сонымен қатар, тағы төрт бөлімнің атауы өзгертіледі.

Ұсынылып отырған түзетулер негізгі заңның барлық бөлігін қамтиды. Атап айтқанда, 77 бапқа өзгеріс енгізілген, бұл Конституция мәтінінің 84 пайызына тең.

— Президенттік басқару нысаны сақталғанымен, біртұтас мемлекеттік билікті ұйымдастыру жүйесінде елеулі өзгерістер болады, — деп атап өтті Бақыт Нұрмұханов.

Сонымен қатар, Конституцияның преамбуласын толықтай жаңарту ұсынылып отыр. Онда елдің қазіргі құндылықтары, стратегиялық мақсаттары мен негізгі сын-қатерлері, мемлекеттің миссиясы және тарихи контексті көрініс табады.

Жобаға сәйкес, Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қала береді. Құжатта адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде айқын бекітіледі.

Сондай-ақ конституциялық құрылыстың негіздеріне қатысты нормалар нақтыланбақ. Атап айтқанда, мемлекеттің егемендігі, аумақтық тұтастығы және биліктің бөліну қағидатына қатысты ережелер жаңартылады.

Бұдан бөлек, қолданыстағы құқық нормаларына, қоғамдық бірлестіктердің қызметіне және олардың мемлекетпен өзара іс-қимыл тетіктеріне қатысты баптар да қайта қаралған.

Серіктес жаңалықтары