×
503.17
600.89
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.17
600.89
6.63

Жаңаөзенде жеті баланың анасын өлтіріп кеткен

Бүгін, 10:45
Жаңаөзенде жеті баланың анасын өлтіріп кеткен
pixabay.com

Жаңаөзенде жеті баланың анасын өлтіріп кеткен. Күдікті - күйеуі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қайғылы оқиға 29 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында болды. Жеті баланың анасы, 44 жастағы әйелді пышақтап кеткен. Балалардың бесеуі кәмелет жасына толмаған, деп жазады Lada.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қылмыс жасады деген күдікпен марқұмның күйеуі ұсталған. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жанжал туындап, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары