×
503.17
600.89
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.17
600.89
6.63

Шавкат Рахмоновтың әйелі куәгерден күдіктіге айналды

Бүгін, 20:10
Шавкат Рахмоновтың әйелі куәгерден күдіктіге айналды
Ulysmedia коллажы

UFC жекпе-жек ұйымының қазақстандық спортшысы Шавқат Рахмоновтың жұбайы Гулайым Рахмоноваға қатысты қылмыстық іс жаңа кезеңге өтті. Бұған дейін ол куәгер ретінде тергелсе, енді сот алдында күдікті ретінде жауап бермек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІСТІҢ СОТҚА ЖЕТУІ

Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, 2026 жылдың 29 қаңтарында қылмыстық іс сотқа жолданды.

«Іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қарауға жіберілді», – деп нақтылады ведомство.

БАСТАПҚЫ ТЕРГЕУ КЕЗЕҢІ

Апаттан кейін, 2025 жылдың тамызында полиция Гулайым Рахмоновадан куәгер ретінде жауап алғанын мәлімдеген. Ол кезде Рахмонова ем қабылдап жатқандықтан, тергеу әрекеттері жалғасып жатқаны айтылған.

ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

2025 жылдың қарашасында Сенат дәлізінде Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов істің Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша тергеліп жатқанын және аяқталуға жақын екенін хабарлаған еді.

«Қазіргі уақытта тергеу әрекеттерінің басым бөлігі аяқталды, соңғы кешенді автотехникалық сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз. Соның нәтижесіне қарай айып тағу және істі сотқа жіберу туралы шешім қабылданады», – деген болатын Әділов.

Енді іс сотқа жетіп, Рахмонова Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша күдікті деп танылды. Бұл бап – «Жол қозғалысы ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелу» деп сипатталады.

Аталған бап бойынша санкция:

  • 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
  • 7 жылға дейін белгілі бір қызметпен айналысу немесе белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айыру.
    Прокуратура түпкілікті жазаны сот барлық мән-жайды ескере отырып анықтайтынын атап өтті.

АПАТ ТУРАЛЫ

Апат Алматы – Екатеринбург автожолының 296-шақырымында, Ақсуйек ауылы маңында болған. Toyota Land Cruiser тізгінінде UFC-дің танымал жекпе-жекшісі Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова отырған. Көлік салонында Рахмонованың ұлы және екі құрбысы болған.

ҚАЗА ТАПҚАНДАР

Оқиға орнында 39 жастағы З.А. қаза тапты. 35 жастағы А.С. ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.

ӘЙЕЛІ МЕН БАЛАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАНДАЙ

Гүлайым Рахмонова мен 2022 жылы туған ұлы Шу қаласындағы медициналық мекемеге жеткізілді. 

Серіктес жаңалықтары