×
501.02
597.27
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.02
597.27
6.59

Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Бүгін, 09:20
Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы жарияланды
gov.kz

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

2025 жылғы 8 қазанда парламенттік реформаны іске асыру жөніндегі жұмыс тобы құрылған. Азаматтар ұсыныстарын e-Otinish және eGov порталдары арқылы жолдаған. Жұмыс тобы екі мыңнан астам ұсынысты қараған.

2026 жылғы 21 қаңтарда Конституциялық комиссия құрылды. Құрамында 130 адам бар. Комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимова. Төраға орынбасарлары – Ерлан Қарин және Аида Балаева.

Комиссия Конституцияның барлық бөлімдері бойынша түзетулерді қарады. Өзгерістер 77 бапқа қатысты.

Жобаға енгізілген негізгі өзгерістер:
    •    145 депутаттан тұратын бір палаталы Парламент – Құрылтай құру ұсынылады. Депутаттар пропорционалды жүйе бойынша 5 жылға сайланады.
    •    Қазақстанның Халық кеңесін құру ұсынылған.
    •    Вице-президент лауазымын енгізу көзделген.
    •    Адвокатура туралы жеке конституциялық норма енгізіледі.
    •    Зияткерлік меншік құқығын қорғау бекітіледі.
    •    Кінәсіздік презумпциясы және қайта жауапқа тартуға тыйым салу нормалары күшейтіледі.
    •    «Миранда ережесін» енгізу қарастырылған.
    •    Азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норма енгізіледі.
    •    Неке ер адам мен әйелдің одағы ретінде айқындалады.
    •    Білім беру жүйесінің зайырлы сипаты бекітіледі.

Жаңа редакцияда Конституция Преамбуладан, 11 бөлімнен және 95 баптан тұруы ұсынылған.

Ұсыныстар қабылдау e-Otinish және eGov порталдарында жалғасып жатыр. Жаңа Конституция бойынша шешім жалпыұлттық референдумда қабылданады.

Серіктес жаңалықтары