×
501.02
597.27
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.02
597.27
6.59

Тоқаев Рыбакинаны Australian Open финалындағы жеңісімен құттықтады

Бүгін, 17:10
Тоқаев Рыбакинаны Australian Open финалындағы жеңісімен құттықтады
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны Australian Open теннис турнирінің финалындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Тоқаев Рыбакинаға алдағы уақытта да ең беделді турнирлерде жеңіске жетуге тілектестік білдірді.

– Сізді спорттағы кезекті тамаша жетістігіңізбен – теннистен Австралия ашық чемпионатындағы керемет, айқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз жеңіске деген ерік-жігеріңіз бен мінсіз шеберлігіңізді тағы да дәлелдедіңіз, бұған бүкіл әлемнің теннис қауымдастығы сүйсіне қарады. Алдағы уақытта да ең беделді турнирлерде жеңіске жете беруіңізге тілектеспін! – делінген құттықтауда.

КОНТЕКСТ

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 5-орын) турнирдің финалында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы ұтып, Australian Open-2026 чемпионы атанды.

Финалдық кездесуде Рыбакина үш сетте жеңіске жетті – 6:4, 4:6, 6:4. 

Рыбакина матчтың шешуші сетінде 0:3 есебімен артта қалып кеткенімен, кейінірек қуып жетіп, соңында жеңісті жұлып алды.

Серіктес жаңалықтары